"Цифрлық қолтанбаңыздың мерзімі аяқталды": eGov алаяқтарға сенбеуге шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинeGov белгісі
eGov белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Бүгінде заң бойынша ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін бір ғана SMS-код жеткіліксіз
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда электрондық цифрлық қолтанбаның мерзімі аяқталғаны туралы жалған қоңыраулар жиілеп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сының ресми сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар электрондық цифрлық қолтанбаның мерзімі ұзартуды немесе қайта шығаруды ұсынады. Одан кейін SMS арқылы келген кодпен операцияны растауды сұрайды.
"Көбінесе алғашқы қоңырау алаяқтық схеманың бір бөлігі ғана болады. Оның мақсаты – азаматтың алаңдаушылығын туғызып, сеніміне кіру. Осыдан кейін өзін "қауіпсіздік қызметкері" ретінде таныстыратын екінші алаяқ қоңырау шалуы мүмкін. Ол қандай да бір қауіптің бар екенін айтып, дербес деректерге, SMS-кодтарға немесе пайдаланушының құрылғысына қол жеткізуге тырысады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда компания мамандары алаяқтарға SMS-кодты немесе ЭЦҚ деректерін айтып қойған жағдайда үрейленбеуге кеңес берді. Себебі SMS-кодты алудың өзі ЭЦҚ-ны қайта шығаруға немесе несие рәсімдеуге мүмкіндік бермейді. Ондай операцияларды жүзеге асыру үшін жеке тұлғаны қосымша растау, оның ішінде биометриялық сәйкестендіру қажет.
Қауіпсіздік шаралары:
үшінші тұлғаларға SMS-кодтарды және ЭЦҚ деректерін хабарламау;
бейтаныс қоңырау шалушылардың нұсқауларын орындамау;
күмәнді сілтемелерге өтпеу;
белгісіз қосымшаларды орнатпауға және оларға өз құрылғыңызға кіруге рұқсат бермеу;
ЭЦҚ-ның қолданылу мерзімін өз бетінше тексеруге және тек ресми сервистерді пайдалану.
Бүгінде заң бойынша ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін бір ғана SMS-код жеткіліксіз. Ол үшін белгіленген сәйкестендіру рәсімінен, оның ішінде биометриялық аутентификациядан өту қажет. Ал eGov және 1414 байланыс орталығының мамандары, тіпті, құқық қорғау органдарының қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтарды ешқашан сұрамайды. ЭЦҚ кілтін немесе оған арналған парольді беруді талап етуге де құқығы жоқ.
Айта кетері, ЭЦҚ-ның қолданылу мерзімін eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Профиль" – "Менің ЭЦҚ-ларым" бөлімінен, сондай-ақ pki.gov.kz сайтында авторизациядан өткеннен кейін "Менің ЭЦҚ кілттерім" – "ЭЦҚ кілттерінің тізімі" бөлімінен тексеруге болады.
Киберпреступность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Алаяқтар бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерін алдауға кірісті
Жаңалықтар
0