Видео

Қостанай облысында бірнеше елді мекенде өрт шықты

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚостанай облысында бірнеше елді мекенде өрт шықты
Қостанай облысында бірнеше елді мекенде өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, 25 техника және ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды
АСТАНА, 9 қыркүйек - Sputnik. Қостанай облысының Қарабалық ауданында табиғи өрт болды.
Үрнек ауылы маңында құрғақ дала өсімдіктері мен қайың шоқтары өртеніп, оттың бір бөлігі Қарадум орманшылығының аумағына тараған. Өрт шамамен 850 гектар аумақты шарпыды.

8 қыркүйекте Денисов ауданындағы ауылдарда аптап ыстық пен құрғақ желдің салдарынан үйлер мен шаруашылық құрылыстары өртенген, Мал қырылған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Наша газета".

Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, 25 техника және ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Барлық тартылған күштер мен құралдардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді, дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақмола облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Семей орманында 12 күн бұрын басталған өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0