Семей орманында 12 күн бұрын басталған өрт сөндірілді

© Photo : пресс-служба КЧСАқмола облысындағы өрт
Ақмола облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
16 шілдеде басталған үлкен орман өрті 18 шілдеде сағат 9:45 те оқшауланған болатын
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті толық сөндірілді, деп хабарлады экология министрлігі.
"2026 жылдың 16 шілдесінде Семей орманы резерватының Камышенка орманшылығында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Министрлік бұған дейін өртті сөндіруге жалпы 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылғанын хабарлады. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгіліп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізілді.
16 шілдеде басталған үлкен орман өрті 18 шілдеде сағат 9:45 те оқшауланған болатын.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Бектенов отандық зауытта шығарылған өрт сөндіру машиналарын мақтады
Жаңалықтар
0