Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. 2035 жылға қарай Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді. Оның 595 мыңы – жұмысшы мамандар. Саланың 2035 жылға дейінгі даму перспективаларын ескере отырып, агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы кадр қажет болады", - деді Сапаров.
Айтуынша, елімізде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі жұмыс істейді. Жыл сайын аграрлық колледждерге шамамен 4,8 мың студент қабылданады.
Агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады. Білім беру бағдарламалары өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, механикаландыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

"Дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Колледждердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен ынтымақтастығы кеңейіп, жұмыс берушілер өндірістік практиканы ұйымдастыруға және болашақ мамандар даярлауға белсенді қатысуда", - дейді министр.

Еліміздің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өндірістік практиканы ұйымдастыру және түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру туралы келісімдер жасалыпж жатыр. Мұндай тәсіл студенттердің практикалық дағдыларды тікелей өндірісте меңгеруіне мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады, дейді министрлік.
Кейбір кәсіп жойылады: Қазақстанға болашақта 2,9 млн маман керек - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Кейбір кәсіп жойылады: Қазақстанға болашақта 2,9 млн маман керек
Жаңалықтар
0