https://sputnik.kz/20260908/keybir-kasip-zhoyylady-qazaqstanga-bolashaqta-29-mln-maman-kerek-66462257.html
Кейбір кәсіп жойылады: Қазақстанға болашақта 2,9 млн маман керек
Кейбір кәсіп жойылады: Қазақстанға болашақта 2,9 млн маман керек
Sputnik Қазақстан
Болжам бойынша, 2035 жылға дейін ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасады 08.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-08T11:28+0500
2026-09-08T11:28+0500
2026-09-08T11:28+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жаңа мамандық
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/07ea/09/08/66461947_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_49d33c89c3bbae897ac58c922396555d.jpg
АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет, олардың 1,8 млн-ы жұмысшы мамандықтары, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл орайда кадрлар даярлау жүйесі озыңқы негізде жұмыс істеу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.Сонымен қатар еңбек нарығында жұмысшы кадрларға тұрақты сұраныс байқалуда: электрондық еңбек биржасына орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысынан астамы – жұмысшы кәсіптер. Сондықтан да негізгі міндет сұранысты қалыптастыру емес, кадрлар даярлаудың экономиканың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету болуы керек, деді министр.Болжам бойынша, 2035 жылға дейін ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасады.Министр сонымен бірге технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын жедел өзгертіп жатқанын айтты. Мәселен, кейбір кәсіптер жойылады, олардың басым бөлігі трансформацияланады және қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады.Мұндай жағдайда кадрларды даярлау жүйесі қазіргі заманғы экономиканың сұраныстарына сәйкес келетіндей болашағы зор мамандықтарды алдын ала анықтап, біліктіліктер мен білім беру бағдарламаларын уақтылы жаңарту қажет.
https://sputnik.kz/20260825/energetika-salasynda-ush-zhana-mamandyq-payda-bolady-66061844.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/08/66461947_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_aaeb3c448208866c79e2dcfd80422133.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жаңа мамандық, жұмысшы
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жаңа мамандық, жұмысшы
Кейбір кәсіп жойылады: Қазақстанға болашақта 2,9 млн маман керек
Болжам бойынша, 2035 жылға дейін ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасады
АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет, олардың 1,8 млн-ы жұмысшы мамандықтары, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл орайда кадрлар даярлау жүйесі озыңқы негізде жұмыс істеу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.
"Елімізде жұмыс күшінің саны 9,8 млн адам, оның 9,4 миллионы жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту деңгейі 96%. Еңбек ресурстарының едәуір бөлігінің техникалық және кәсіптік білімі бар", - деді Ертаев.
Сонымен қатар еңбек нарығында жұмысшы кадрларға тұрақты сұраныс байқалуда: электрондық еңбек биржасына орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысынан астамы – жұмысшы кәсіптер. Сондықтан да негізгі міндет сұранысты қалыптастыру емес, кадрлар даярлаудың экономиканың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету болуы керек, деді министр.
Болжам бойынша, 2035 жылға дейін ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасады.
"Осыған байланысты, ең сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі 51-ден 174 кәсіпке дейін кеңейді, бұлар - инженерия, құрылыс, өндеуші өнеркәсіп, биотехнология, жасыл энергетика, ядерлық энергетика салалары", - дейді министр.
Министр сонымен бірге технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын жедел өзгертіп жатқанын айтты. Мәселен, кейбір кәсіптер жойылады, олардың басым бөлігі трансформацияланады және қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады.
Мұндай жағдайда кадрларды даярлау жүйесі қазіргі заманғы экономиканың сұраныстарына сәйкес келетіндей болашағы зор мамандықтарды алдын ала анықтап, біліктіліктер мен білім беру бағдарламаларын уақтылы жаңарту қажет.