https://sputnik.kz/20260909/qazaqstanda-zhylzhymaytyn-mulikti-notariattyq-rasimdeu-tartibi-ozgerdi-66503896.html
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті нотариаттық рәсімдеу тәртібі өзгерді
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті нотариаттық рәсімдеу тәртібі өзгерді
Sputnik Қазақстан
Жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттырып, алаяқтық схемалардың тәуекелдерін де төмендетеді 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T16:48+0500
2026-09-09T16:48+0500
2026-09-09T16:48+0500
құжат
жылжымайтын мүлік
қазақстанның әділет министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_07bb375735d70bfdafc43c9edf5bc127.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Жаңа өзгерістер 8 қыркүйектен бастап күшіне енді.Жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттырып, алаяқтық схемалардың тәуекелдерін де төмендетеді."Бұл ретте аумақтық қағидат азаматтардың өз мүлкіне басқа өңірде жүріп билік ету құқығын шектемейді. Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол өз атынан қажетті әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне сенімхат рәсімдеуге құқылы", - дейді министрлік мамандары.Осылайша, азаматтар басқа қалада немесе өңірде бола отырып, жылжымайтын мүлікті сенім білдірілген тұлғалар арқылы бұрынғыдай сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға немесе кепілге қоюға құқылы. Жаңа талап тек жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерге ғана қолданылады және өзге нотариаттық әрекеттерді жасау тәртібіне әсер етпейді.
https://sputnik.kz/20260901/emkhanaga-tirkelu-tartibi-ozgerdi-66273137.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5481d70b65beb99f7709dd3e3f921b37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құжат, жылжымайтын мүлік, қазақстанның әділет министрлігі
құжат, жылжымайтын мүлік, қазақстанның әділет министрлігі
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті нотариаттық рәсімдеу тәртібі өзгерді
Жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттырып, алаяқтық схемалардың тәуекелдерін де төмендетеді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа өзгерістер 8 қыркүйектен бастап күшіне енді.
"Енді сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау, кепілге қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге байланысты, мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мәмілелер мүлік орналасқан жердегі нотариуспен куәландырылады. Енгізілген өзгерістер, ең алдымен, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді ресімдеу үдерісін ретке келтіруге және жүйелеуге бағытталған", - делінген ресми хабарламада.
Жаңа тәртіп жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттырып, алаяқтық схемалардың тәуекелдерін де төмендетеді.
"Бұл ретте аумақтық қағидат азаматтардың өз мүлкіне басқа өңірде жүріп билік ету құқығын шектемейді. Егер меншік иесінің жылжымайтын мүлік орналасқан жерге жеке өзі келу мүмкіндігі болмаса, ол өз атынан қажетті әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне сенімхат рәсімдеуге құқылы", - дейді министрлік мамандары.
Осылайша, азаматтар басқа қалада немесе өңірде бола отырып, жылжымайтын мүлікті сенім білдірілген тұлғалар арқылы бұрынғыдай сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға немесе кепілге қоюға құқылы. Жаңа талап тек жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерге ғана қолданылады және өзге нотариаттық әрекеттерді жасау тәртібіне әсер етпейді.