Қазақстанда емханаға тіркелу тәртібі өзгерді

Емхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Медициналық мекеме үйге жақын орналасуы қажет
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда емханаларға тіркелу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін жыл сайын 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында басқа емханаға тіркелуге мүмкіндік берілген. Биылдан бастап шекті мерзімді алып тастауға шешім қабылданды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, енді ондай мүмкіндікті кез келген уақытта жылына бір рет пайдалануға болады.
"Бұйрық жыл сайынғы бекіту науқанын жоюды қарастырады. Бұл ретте медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы және көшу кезінде немесе пациенттің қалауы бойынша емхананы ауыстыру мүмкіндігі сақталады. Ұсынылатын шаралар медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, бекіту рәсімін жеңілдетуге және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған", - дейді мамандар.
Осылайша, бір жылдың ішінде емхананы бір рет қана ауыстыруға болады. Бірақ медициналық мекеме үйге жақын орналасуы қажет. Емханаға тура сол учаскеге қызмет көрсетуі шарт. Сондай-ақ, мемлекеттік немесе жеке меншік емхананың медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болуы қажет.
Ал ерікті медициналық сақтандыру шарттары шеңберінде емханаға тіркелу практикасын алып тастауға шешім қабыланды. Ондайда медициналық қызмет пациенттің таңдауы бойынша медициналық ұйыммен шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Микрокредиттің күн сайынғы мөлшерлемесі өзгерді
Жаңалықтар
0