https://sputnik.kz/20260909/qazaqstanda-undistandyq-traktorlar-qurastyrylady-66504635.html
Қазақстанда үндістандық тракторлар құрастырылады
Қазақстанда үндістандық тракторлар құрастырылады
Sputnik Қазақстан
Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T17:16+0500
2026-09-09T17:16+0500
2026-09-09T17:16+0500
қазақстан
үндістан
форум
https://sputnik.kz/img/07ea/09/09/66498552_0:61:2560:1501_1920x0_80_0_0_e021fb0ea4b59e33e65f2d5f2fa1d881.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Үндістан Sonalika/Solis тракторларын құрастыру туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Келісімшартқа Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес форумында қол қойылды. Негізгі мақсат - Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру. Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі. Артынан өндірісті біртіндеп локализациялау жоспарланып отыр.Ал тағы бір келісім бойынша тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.Бұдан бөлек, форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласыныңөкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.Айта кетері, бүгінде Sonalika/Solis тракторларын үндістандық International Tractors Limited компаниясы шығарады.
https://sputnik.kz/20260908/qazaqstan-men-koreya-birlesip-buqtyrylgan-et-konservilerin-ondirudi-qolga-almaq-66439427.html
қазақстан
үндістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/09/66498552_115:0:2390:1706_1920x0_80_0_0_af635328fd375764c97d12016f86c540.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, үндістан, форум
қазақстан, үндістан, форум
Қазақстанда үндістандық тракторлар құрастырылады
Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Үндістан Sonalika/Solis тракторларын құрастыру туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Келісімшартқа Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес форумында қол қойылды. Негізгі мақсат - Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру. Бас кезінде қажетті құрал-жабдықтар Үндістаннан жеткізіледі. Артынан өндірісті біртіндеп локализациялау жоспарланып отыр.
"Осы жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары", - делінген ресми хабарламада.
Ал тағы бір келісім бойынша тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Бұдан бөлек, форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласыныңөкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.
Айта кетері, бүгінде Sonalika/Solis тракторларын үндістандық International Tractors Limited компаниясы шығарады.