https://sputnik.kz/20260908/qazaqstan-men-koreya-birlesip-buqtyrylgan-et-konservilerin-ondirudi-qolga-almaq-66439427.html
Қазақстан мен Корея бірлесіп бұқтырылған ет консервілерін өндіруді қолға алмақ
Қазақстан мен Корея бірлесіп бұқтырылған ет консервілерін өндіруді қолға алмақ
Sputnik Қазақстан
Жобаға екі ел 1,3 миллион доллар инвестиция салады 08.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-08T08:00+0500
2026-09-08T08:00+0500
2026-09-08T08:08+0500
қазақстан
оңтүстік корея
консерві
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258524_0:134:1281:854_1920x0_80_0_0_e1fdbdef69130e572cfe633f8ce5b3a4.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлесіп бұқтырылған ет консервілерін өндіретін цех салады. Бұл туралы келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында жасалды.Цех Қазақстанда салынады, жобаны қазақстандық тараптан Samsar Investment жүргізеді. Екі тарап салған инвестиция құны 1,3 млн АҚШ долларын құрайды. Бизнес форумға Оңтүстік Кореяда 55 жыл бұрын негізі қаланған Корея импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) жүзге жуық бизнес делегациямен арнайы келген. "Қазақстан тек табиғи ресурстарға бай мемлекет қана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды экономикалық және логистикалық орталық. Энергетика, өнеркәсіп және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар салаларындағы артықшылықтарымен қатар, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібініңтұрақты дамуы Қазақстанға Оңтүстік Кореяға тауар жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді", - деді Корея импорттаушылар қауымдастығының (KOIMA) төрайымы Ён Ми Юн бизнес форумда сөйлеген сөзінде.Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы былтыр 3,17 млрд АҚШдолларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстан өнімдерінің Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.
https://sputnik.kz/20260728/zhambyl-oblysynda-tauligine-900-tonnaga-deyin-qaldyq-ondeytin-zauyttyn-qurylysy-bastaldy-65257808.html
қазақстан
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258524_18:0:1157:854_1920x0_80_0_0_d477a9395bcd1a6b21a9f7b022b3799b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, оңтүстік корея, консерві, өндіріс
қазақстан, оңтүстік корея, консерві, өндіріс
Қазақстан мен Корея бірлесіп бұқтырылған ет консервілерін өндіруді қолға алмақ
08:00 08.09.2026 (жаңартылды: 08:08 08.09.2026) Жобаға екі ел 1,3 миллион доллар инвестиция салады
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлесіп бұқтырылған ет консервілерін өндіретін цех салады. Бұл туралы келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында жасалды.
Цех Қазақстанда салынады, жобаны қазақстандық тараптан Samsar Investment жүргізеді. Екі тарап салған инвестиция құны 1,3 млн АҚШ долларын құрайды.
"Бұдан бөлек Қазақстан Оңтүстік Корея еліне құны 13 млн АҚШ доллары болатын 1мың тонна сиыр етін экспорттамақ. Бұған қоса қазақстандық Samsar Investment айына 3мың тонна рафинадталған күнбағыс майын экспорттау туралы келісімге келді. Жалпы екі елдің 200-ден астам бизнес өкілі қатысқан бизнес форум қорытындысы бойынша жалпы құны 54,8 млн АҚШ долларын құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойылды", - дейді Сауда және интеграция министрлігі.
Бизнес форумға Оңтүстік Кореяда 55 жыл бұрын негізі қаланған Корея импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) жүзге жуық бизнес делегациямен арнайы келген.
"Қазақстан тек табиғи ресурстарға бай мемлекет қана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды экономикалық және логистикалық орталық. Энергетика, өнеркәсіп және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар салаларындағы артықшылықтарымен қатар, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібініңтұрақты дамуы Қазақстанға Оңтүстік Кореяға тауар жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді", - деді Корея импорттаушылар қауымдастығының (KOIMA) төрайымы Ён Ми Юн бизнес форумда сөйлеген сөзінде.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы былтыр 3,17 млрд АҚШдолларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстан өнімдерінің Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.