Қазақстанда 7 ай ішінде тұтынушылық несие өсімі 4,6%-ға дейін баяулады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКредиттеу
Кредиттеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, агенттік қадағалау қызметі шеңберінде 8 айда қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізген. 190 қадағалау шарасы қолданылып, 465 миллион теңге сомасында айыппұл салынған.
Сонымен қатар микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 субъекті лицензиясынан айырылды, ал алтауының лицензиясы уақытша тоқтатылып, 4 коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды.
© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял главу АРРФР Мадину Абылкасымову - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
"Бизнеске арналған кредиттер 3,5 пайызға ұлғайып, 16 триллион теңгеге жетті. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады. Реттеу шараларының нәтижесінде 7 ай ішінде тұтынушылық несиенің өсімі 4,6 пайызға дейін баяулады", - деп жазылған хабарламада.
Агенттік төрағасы мәлімдегендей, биыл шілде айынан бастап мерзімі кешіктірілген берешекті ұжымдық реттеудің Finkelisimkz платформасы іске қосылды. Жыл соңына дейін азаматтардың арыз-шағымдарын қарау үшін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмыс істей бастайды.
Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану, экономиканың нақты секторларын кредиттеуді арттыру, сондай-ақ капитал мен сақтандыру нарығын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Қарызы көп азаматтарға кредит беруді шектеу мәселесі қарастырылды
Жаңалықтар
0