https://sputnik.kz/20260802/qaryzy-kop-azamattarga-kredit-berudi-shekteu-maselesi-qarastyryldy-65403216.html
Қарызы көп азаматтарға кредит беруді шектеу мәселесі қарастырылды
Қарызы көп азаматтарға кредит беруді шектеу мәселесі қарастырылды
Sputnik Қазақстан
Осыған дейін қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны бәсеңдеген 02.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-02T13:32+0500
2026-08-02T13:32+0500
2026-08-02T13:32+0500
қарыз
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838039_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_89b61e932f57112978506af3e56251fe.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің отырысында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға бағытталған шаралар қарастырылды, деп хабарлады Ұлттық банк.Кеңес барысында қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендетуге және бөлшек кредиттеу нарығындағы тәуекелдерді азайтуға бағытталған бірқатар шара талқыланды.Олардың қатарында:Сондай-ақ мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу қою қарастырылып жатыр.Ұлттық банктің мәліметінше, осыған дейін қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны бәсеңдеген.Сонымен қатар бөлшек кредиттеу нарығына мониторинг жалғасады. Ұлттық банк автокредит, ипотека және кепілсіз қарыздар бойынша қарыздың кіріске қатынасы коэффициентіне (ҚКК) мониторинг жүргізеді.Отырыста жеке тұлғалардың проблемалық берешегін қайта құрылымдау, қарыздарды есептен шығару тетіктерін жетілдіру және банкроттық рәсімдерін іске асыру мәселелері де талқыланды.Қарыздың кіріске қатынасы коэффициенті – адамның ай сайынғы кредит төлемі оның табысының қанша бөлігін алып жатқанын көрсететін көрсеткіш. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл коэффициент азаматтың қарызды төлеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Егер болашақта осы өлшем бойынша шекті деңгей белгіленсе, қарызы тым көп азаматтарға банктер жаңа кредит бере алмайды.
https://sputnik.kz/20260613/qazaqstandyqtar-13-millionnan-astam-kredit-kartasyn-qoldanady-64090702.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838039_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_a85eb3a5df6ca3ef60d44574e94f341b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарыз, кредит
Қарызы көп азаматтарға кредит беруді шектеу мәселесі қарастырылды
Осыған дейін қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны бәсеңдеген
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің отырысында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға бағытталған шаралар қарастырылды, деп хабарлады Ұлттық банк.
Кеңес барысында қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендетуге және бөлшек кредиттеу нарығындағы тәуекелдерді азайтуға бағытталған бірқатар шара талқыланды.
халыққа берілетін кредиттер бойынша капиталдың секторлық контрциклдік буферін енгізу,
борыш жүктемесі коэффициентін есептеу кезінде кірісті анықтау әдістемесін жетілдіру,
тұтынушылық кепілсіз банктік қарыздар мен кепілсіз микрокредиттердің ең жоғары сомасын белгілеу мәселелері бар.
Сондай-ақ мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу қою қарастырылып жатыр.
Ұлттық банктің мәліметінше, осыған дейін қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны бәсеңдеген.
Сонымен қатар бөлшек кредиттеу нарығына мониторинг жалғасады. Ұлттық банк автокредит, ипотека және кепілсіз қарыздар бойынша қарыздың кіріске қатынасы коэффициентіне (ҚКК) мониторинг жүргізеді.
"Бөлшек кредиттеу сегментінде тәуекелдер артқан жағдайда, Ұлттық банк қарыздың жекелеген түрлері және жиынтық берешек бойынша К ҚКК-ның сараланған шекті мәндерін белгілеу мәселесін қарауы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Отырыста жеке тұлғалардың проблемалық берешегін қайта құрылымдау, қарыздарды есептен шығару тетіктерін жетілдіру және банкроттық рәсімдерін іске асыру мәселелері де талқыланды.
Қарыздың кіріске қатынасы коэффициенті – адамның ай сайынғы кредит төлемі оның табысының қанша бөлігін алып жатқанын көрсететін көрсеткіш. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл коэффициент азаматтың қарызды төлеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Егер болашақта осы өлшем бойынша шекті деңгей белгіленсе, қарызы тым көп азаматтарға банктер жаңа кредит бере алмайды.