Қазақстандықтар 13 миллионнан астам кредит картасын қолданады

© Sputnik / Болат ШайхиновКредитные карты
Кредитные карты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
2015-2017 жылдары елдегі кредит карталарының саны 3 миллионнан аз болған
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. 2026 жылғы сәуірдің аяғындағы жағдай бойынша Қазақстанда 13 миллионнан астам кредит картасы айналымда болған. Бір жыл ішінде олардың саны 3,6%-ға өсті, деп жазды Finprom.kz.
Ал 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, кредит карталарының саны шамамен 19%-ға өскен, онжылдық деңгейде қарайтын болсақ, тіпті 5 еседен астам артқан.
Салыстыру үшін айтсақ, 2015-2017 жылдары елдегі кредит карталарының саны 3 миллионнан аз болатын.
"Бөліп төлеу карталары қазақстандықтардың күнделікті тұтыну құрылымына біржола енді.Олар артық төлемсіз (банктің талаптары сақталған жағдайда) төлемді бірнеше айға бөлуге мүмкіндік береді, бұл көптеген клиент үшін ірі сатып алуларды неғұрлым қолжетімді етеді", - деп жазды портал.
Қазақстанда ғана емес, шетелде де қолдануға болатын бөліп төлеу карталары соңғы жылдардағы бөлек бір трендке айналды. Қазақстанның кейбір банктері кредит лимиті шеңберінде бөліп төлеу механизмін сақтай отырып, бүкіл әлем бойынша сатып алу ақысын төлеуге мүмкіндік беретін әмбебап өнімдер шығарады.
Мұндай шешімдер халықаралық дүкендерде онлайн сатып алулар жасайтын немесе шетелге саяхаттайтын пайдаланушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Іс жүзінде бұл – бөліп төлеу картасы мен халықаралық кредит картасының үйлесімі болып табылатын гибридті өнім.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі 23 банктің 5-еуі бөліп төлеу карталарын ұсынады.
Бөліп төлеу карталарын ұсынатын 5 банктің 4-еуінде кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігі қарастырылған.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді
Жаңалықтар
0