https://sputnik.kz/20260415/kredit-aluga-qatysty-tagy-bir-shekteu-kushine-enedi-62689851.html
Кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді
Кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді
Sputnik Қазақстан
Кредит алатын адамның жиынтық қарыз мөлшері бекітіледі 15.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-15T17:02+0500
2026-04-15T17:02+0500
2026-04-15T17:02+0500
кредит
несие
шектеу
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_237:0:1790:874_1920x0_80_0_0_f8ff9a97f6d62971f27cd79bbbbaaf97.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл кредит алатын адамдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі. Ол – жиынтық қарыз коэффиценті. Ұлттық банк осы коэффиценттің шекті мөлшерін бекітеді.Оның айтуынша, кредит алатын адамның жылдық табысына қарай ипотекалық, тұтынушылық және автокредиттің жиынтық қарыз коэффиценті болады.Бұдан бөлек, қарыз жүктемесін есептеу үшін негізге алынатын табыстарға қатысты талап күшейтіледі. Себебі табысты растау кезінде ресми емес табыс көздері де есепке алынып жатады.Айта кетері, биыл 1 шілдеден бастап кредит беру тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар кредит ала алмайды. Ол үшін банктер нақты бірнеше талапты сақтауға міндеттеледі.
https://sputnik.kz/20260404/kredit-alu-qiynday-tusedi--zhana-erezhe-kushine-enedi-62405607.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_268:0:1708:1080_1920x0_80_0_0_719b32c9084fc422c6cf69804da43942.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, несие, шектеу
Кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді
Кредит алатын адамның жиынтық қарыз мөлшері бекітіледі
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл кредит алатын адамдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі. Ол – жиынтық қарыз коэффиценті. Ұлттық банк осы коэффиценттің шекті мөлшерін бекітеді.
"Былайша айтқанда, кредит алатын адамның жиынтық қарыз мөлшері бекітіледі. Одан артық кредит берілмейді", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, кредит алатын адамның жылдық табысына қарай ипотекалық, тұтынушылық және автокредиттің жиынтық қарыз коэффиценті болады.
Бұдан бөлек, қарыз жүктемесін есептеу үшін негізге алынатын табыстарға қатысты талап күшейтіледі. Себебі табысты растау кезінде ресми емес табыс көздері де есепке алынып жатады.
"Бәлкім, бұл норма келесі жылдың 1 қаңтарына дейін шегеріледі", - деп атап өтті агенттік басшысы.
Айта кетері, биыл 1 шілдеден бастап кредит беру тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар
кредит ала алмайды. Ол үшін банктер нақты бірнеше талапты сақтауға міндеттеледі.