https://sputnik.kz/20260404/kredit-alu-qiynday-tusedi--zhana-erezhe-kushine-enedi-62405607.html
Кредит алу қиындай түседі – жаңа ереже күшіне енеді
Кредит алу қиындай түседі – жаңа ереже күшіне енеді
Sputnik Қазақстан
Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар несие ала алмайды 04.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-04T11:58+0500
2026-04-04T11:58+0500
2026-04-04T11:58+0500
кредит
несие
ереже
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56482244_0:51:2432:1419_1920x0_80_0_0_46680a5bf10ae27cc73369c7d6c7f219.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанда шілде айынан бастап кредит беру тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар несие ала алмайды. Ол үшін банктер нақты бірнеше талапты сақтауға міндеттеледі. Sputnik Қазақстан жаңа ереженің негізгі өзгерістерін ұсынады.Екі коэффицент ескеріледіЖаңа ережеге адамның қарыз жүктемесінің коэффициенті мен ай сайынғы табысқа қарыз коэффициенті енгізілді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит бергенде осы коэффициенттерді ескеруге міндетті.Қарыз жүктемесінің коэффициенті несие алғысы келетін адамның бұған дейінгі кредиттерге қанша ақша жұмсайтынын көрсетеді. Осы көрсеткіш жоғары болған сайын жаңадан кредит алу қиындай түседі.Ал ай сайынғы табысқа қарыз коэффициенті арқылы адам жаңа несиені төлей ала ма, жоқ па, соны анықтайды. Ондайда банктер табыстың қай бөлігі бұрынғы қарыздарға кетіп жатқанын есептеп, қалған ақшаның жаңа кредитке жететінін я жетпейтінін қарайды.Ресми табыс көзі болуы шартЕрежеге енгізілген негізгі өзгерістердің бірі – ресми табыс көздеріне басымдық беру. Онсыз кредит алу қиынға соғады.Банктер мен микроқаржы ұйымдары ресми табыстың бар-жоғын бірнеше жолмен анықтайды. Олар:• зейнетақы аударымдары;• міндетті медициналық сақтандыру жарналары.Осылайша, адамның ресми әрі тұрақты табысы болса, кредит алуға мүмкіндігі арта түседі.Жаңа шектеуге кімдер ілігедіБұл өзгеріс алдымен ресми табысы жоқ және қайта-қайта несие алатын адамдарға шектеу қойып, қарызға белшеден батудан сақтайды. Ондай адамдардың бірнеше санаты бар. Олар:Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді."Кредиттік шопингке" тыйым салындыБұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес, кредитке қатысты тағы бір шектеу енгізілді.Қазіргі кезде банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп отырады. Бірақ ол уақыттың ішінде адамдар бірнеше банктен қарызға ақша алып үлгереді.Тоқаев қол қойған заңнан кейін бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді. Осылайша, "кредиттік шопингке" тыйым салынады.Былтыр онлайн-кредиттерді беру тәртібіне де өзгеріс енгізілген болатын.
https://sputnik.kz/20260116/kredit-beru-tartibi-ozgeredi--toqaev-zanga-qol-qoydy--60447117.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56482244_0:0:2339:1754_1920x0_80_0_0_2c850319b71a07eee868a5de4fe70100.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, несие, ереже
Кредит алу қиындай түседі – жаңа ереже күшіне енеді
Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар несие ала алмайды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанда шілде айынан бастап кредит беру тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар несие ала алмайды. Ол үшін банктер нақты бірнеше талапты сақтауға міндеттеледі.
Sputnik Қазақстан жаңа ереженің негізгі өзгерістерін ұсынады.
Екі коэффицент ескеріледі
Жаңа ережеге адамның қарыз жүктемесінің коэффициенті мен ай сайынғы табысқа қарыз коэффициенті енгізілді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит бергенде осы коэффициенттерді ескеруге міндетті.
Қарыз жүктемесінің коэффициенті несие алғысы келетін адамның бұған дейінгі кредиттерге қанша ақша жұмсайтынын көрсетеді. Осы көрсеткіш жоғары болған сайын жаңадан кредит алу қиындай түседі.
Ал ай сайынғы табысқа қарыз коэффициенті арқылы адам жаңа несиені төлей ала ма, жоқ па, соны анықтайды. Ондайда банктер табыстың қай бөлігі бұрынғы қарыздарға кетіп жатқанын есептеп, қалған ақшаның жаңа кредитке жететінін я жетпейтінін қарайды.
Ресми табыс көзі болуы шарт
Ережеге енгізілген негізгі өзгерістердің бірі – ресми табыс көздеріне басымдық беру. Онсыз кредит алу қиынға соғады.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары ресми табыстың бар-жоғын бірнеше жолмен анықтайды. Олар:
• міндетті медициналық сақтандыру жарналары.
Осылайша, адамның ресми әрі тұрақты табысы болса, кредит алуға мүмкіндігі арта түседі.
Жаңа шектеуге кімдер ілігеді
Бұл өзгеріс алдымен ресми табысы жоқ және қайта-қайта несие алатын адамдарға шектеу қойып, қарызға белшеден батудан сақтайды. Ондай адамдардың бірнеше санаты бар.
жалақыны "конвертпен" алатын қызметкерлер;
еңбек келісімшартын рәсімдемей жұмыс істейтіндер;
тұрақты табысы жоқ адамдар;
расталмаған табыс табатындар.
Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
"Кредиттік шопингке" тыйым салынды
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес, кредитке қатысты тағы бір шектеу енгізілді.
Қазіргі кезде банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп отырады. Бірақ ол уақыттың ішінде адамдар бірнеше банктен қарызға ақша алып үлгереді.
Тоқаев қол қойған заңнан кейін бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді. Осылайша, "кредиттік шопингке" тыйым салынады.
Былтыр онлайн-кредиттерді беру тәртібіне де өзгеріс енгізілген болатын.