Видео

"Пранк жасағым келді": Абай облысында оқушы сабақтан кейін үйіне оралмаған

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото ученика на уровке в школе
Архивное фото ученика на уровке в школе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Анасы үй маңынан "мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін" деген жазбаны тауып, полицияға хабарлаған
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында 9 жастағы бала сабақтан кейін үйіне оралмаған.
Алайда Мақаншы ауданында үйіне оралмаған оқушыны полицейлер 10 минут ішінде тапты.
Оқушы мектептен кейін үйіне келіп, ауладағы шаруашылық құрылысына жасырынып, сол жерде ұйықтап қалған.
Ал анасы үй маңынан "мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін" деген жазбаны тауып, полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары келгенде сирена дауысынан оянған бала жасырынған жерінен өзі шыққан.
Ол ата-анасына "пранк" жасағысы келгенін түсіндірді.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Пранк үшін әскери киімді заңсыз киген астаналық блогер қамауға алынды
Жаңалықтар
0