Пранк үшін әскери киімді заңсыз киген астаналық блогер қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Жазылу
Ол өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, азаматты алдаған
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қауіпті пранк ұйымдастырған астаналық блогер 10 тәулікке қамауға алынды.
Ол өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, азаматты алдаған.
Видео әлеуметтік желіде тарады.
Бейнежазбада "әскерге шақырылушының" қашуға әрекеттенген кезінде суға секіргені, кейін оның дер кезінде құтқарылғаны көрсетілген.
Кейін бұл көрініс әлеуметтік желіге ойын-сауық мақсатында түсірілген пранк болғаны анықталды. Алайда тәртіп сақшылары осы фактіге қатысты тиісті шаралар қабылдады.
"27 жастағы азамат ұсақ бұзақылық жасап, арнайы нысанды киім мен айырым белгілері бар форманы заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицияда.
Девушка наблюдает частичное солнечное затмение в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Астанада контент үшін "Бәйтерек" маңына шампан төккен блогер жазаланды
Жаңалықтар
0