https://sputnik.kz/20260516/astanada-kontent-ushin-bayterek-manyna-shampan-tokken-bloger-zhazalandy-63471065.html
Астанада контент үшін "Бәйтерек" маңына шампан төккен блогер жазаланды
Астанада контент үшін "Бәйтерек" маңына шампан төккен блогер жазаланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада блогер қоғамдық орында қоқыс қалдырғаны үшін жазаланды. 16.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-16T17:35+0500
2026-05-16T17:35+0500
2026-05-16T17:35+0500
астана
блогер
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28791924_0:290:3077:2021_1920x0_80_0_0_77224b500bf59940ab742ec137a96371.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада блогер қоғамдық орында қоқыс қалдырғаны үшін жазаланды.Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты блогер қызға айыппұл салдыОқиға 2026 жылы 27 сәуірде түнгі сағат бір шамасында Астанадағы Нұржол бульварында болған.Іс материалдарына сәйкес, ол "Бәйтерек" монументі маңында әлеуметтік желіге видео түсіру үшін шампан бөтелкесін ашып, ішіндегісін жерге төккен.Ол бұл видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.Сот отырысында бойжеткен өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Ол блогер ретінде "Бәйтерек" монументінің айналасында трендтегі бейнеролик түсіргісі келгенін, кейін ластаған жерін жинап кеткенін түсіндірді.Сот бұл жайттарды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, жаза ретінде айыппұл тағайындалды.Ол қоғамдық жұмыстарға келіспегендіктен, сот оны кінәлі деп танып, 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды.
https://sputnik.kz/20230719/shymkent-bloger-qyz-zhazalandy-video-36873958.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28791924_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_7de69ea471da25b17c8649bca7dbcdfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, блогер, айыппұл
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астанада блогер қоғамдық орында қоқыс қалдырғаны үшін жазаланды.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты блогер қызға айыппұл салды
Оқиға 2026 жылы 27 сәуірде түнгі сағат бір шамасында Астанадағы Нұржол бульварында болған.
Іс материалдарына сәйкес, ол "Бәйтерек" монументі маңында әлеуметтік желіге видео түсіру үшін шампан бөтелкесін ашып, ішіндегісін жерге төккен.
Ол бұл видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.
Сот отырысында бойжеткен өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Ол блогер ретінде "Бәйтерек" монументінің айналасында трендтегі бейнеролик түсіргісі келгенін, кейін ластаған жерін жинап кеткенін түсіндірді.
Сот бұл жайттарды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, жаза ретінде айыппұл тағайындалды.
Ол қоғамдық жұмыстарға келіспегендіктен, сот оны кінәлі деп танып, 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды.