https://sputnik.kz/20230719/shymkent-bloger-qyz-zhazalandy-video-36873958.html
Жол үстінде билей жөнелген: Шымкентте блогер қыз жазаланды – видео
Жол үстінде билей жөнелген: Шымкентте блогер қыз жазаланды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Шымкентте жол ортасында шоу ұйымдастырған блогер қыз әкімшілік жауапқа тартылды. 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T09:56+0500
2023-07-19T09:56+0500
2023-07-19T09:56+0500
қоғам
блогер
https://sputnik.kz/img/605/67/6056758_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_1ecde4d650a86031ee6629f8b1e9dfa3.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Шымкентте жол ортасында шоу ұйымдастырған блогер қыз әкімшілік жауапқа тартылды.Әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізу барысында Шымкент қалалық полициясы өрескел құқықбұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.Блогер қыз қиылыста тоқтаған автокөліктен шығып, бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрған сәтте жол ортасында билей бастаған. "Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен."40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді", - делінген хабарламада.Патрульдік полиция инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.Тиктокер қыз Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20230606/aleumettik-zheli-arqyly-zhas-qyzdardy-zhezokshelikke-tartqan-bloger-ustaldy-35655970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/605/67/6056758_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_f8b9569571c3d5aae13d56df99af4999.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер
Жол үстінде билей жөнелген: Шымкентте блогер қыз жазаланды – видео
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Шымкентте жол ортасында шоу ұйымдастырған блогер қыз әкімшілік жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізу барысында Шымкент қалалық полициясы өрескел құқықбұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды
Polisia.kz.Блогер қыз қиылыста тоқтаған автокөліктен шығып, бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрған сәтте жол ортасында билей бастаған. "Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.
"40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді", - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.
Тиктокер қыз Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша жауапкершілікке тартылды.