https://sputnik.kz/20260909/pavlodar-oblysynda-qos-azamattygy-bar-27-adam-anyqtaldy-66493962.html
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталды
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T14:55+0500
2026-09-09T14:55+0500
2026-09-09T14:55+0500
павлодар облысы
көші-қон
қос азаматтық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24078293_0:0:780:439_1920x0_80_0_0_4084830ae823755bca483107e81a7c77.jpg
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Павлодар облысында қос азаматтық пен жүрген 27 адам анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни Қазақстан азаматы бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан азаматы өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ҚР азаматтығы заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылады. Мәселен, 26 жастағы әйел 2015 жылдан бері көрші елдің азаматы бола тұра, бұл туралы полиция органдарына хабарламаған. Ал 29 жастағы тағы бір әйел көрші елдің азаматтығын алғанына қарамастан, мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасының паспортымен кесіп өткен. Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін азаматшалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша 432 250 теңге мөлшерінде айыппұл салу немесе ел аумағынан шығарып жіберу түріндегі жауапкершілік көзделген. ҚР азаматтығын жоғалтқан адамдардың осы елдің құжаттарын пайдаланғаны үшін 200 АЕК мөлшерінде яғни 865 мың айыппұл қарастырылған, дейді облыстық көші-қон қызметінің басшысы.
https://sputnik.kz/20250903/qazaqstanda-qos-azamattyq-ushin-qylmystyq-zhaza-engizilui-mumkin-56780440.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24078293_171:0:756:439_1920x0_80_0_0_4e57decf3268da6eff575c2b507947b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, көші-қон, қос азаматтық
павлодар облысы, көші-қон, қос азаматтық
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталды
Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Павлодар облысында қос азаматтық пен жүрген 27 адам анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни Қазақстан азаматы бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан азаматы өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ҚР азаматтығы заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
"Жыл басынан бері Павлодар облысында 398 азамат Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан. Көші-қон заңнамасын әртүрлі бұзғаны үшін 40 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі республика аумағынан шығарылды", — деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Александр Кузьменко.
Мәселен, 26 жастағы әйел 2015 жылдан бері көрші елдің азаматы бола тұра, бұл туралы полиция органдарына хабарламаған. Ал 29 жастағы тағы бір әйел көрші елдің азаматтығын алғанына қарамастан, мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасының паспортымен кесіп өткен. Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін азаматшалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша 432 250 теңге мөлшерінде айыппұл салу немесе ел аумағынан шығарып жіберу түріндегі жауапкершілік көзделген.
ҚР азаматтығын жоғалтқан адамдардың осы елдің құжаттарын пайдаланғаны үшін 200 АЕК мөлшерінде яғни 865 мың айыппұл қарастырылған, дейді облыстық көші-қон қызметінің басшысы.