https://sputnik.kz/20250903/qazaqstanda-qos-azamattyq-ushin-qylmystyq-zhaza-engizilui-mumkin-56780440.html
Қазақстанда қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Қазақстанда қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T11:53+0500
2025-09-03T11:53+0500
2025-09-03T11:56+0500
қос азаматтық
мәжіліс
заң бұзу
https://sputnik.kz/img/07e8/02/07/42114992_0:74:1939:1165_1920x0_80_0_0_5dcaaf511ac9c5b99395d0ee2c11ced9.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қос азаматтық үшін қылмыстық жазаны енгізуге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің бүгінгі отырысында қос азаматтық мәселесі көтерілді. Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес. Барлығы екі елдің жеңілдіктерін пайдаланып жүреді. Ал ұсталғандарға көбінесе айыппұл ғана салынады. Бірақ олар шетелге қашып, әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кетеді."Ондай адамдар Қазақстан азаматы ретінде өз құқықтарын біледі, бірақ міндеттерін орындамайды. Ол - азамат емес, шамаданы дайын тұрған уақытша резидент. Сондықтан қос азаматтық үшін жауапкершілікті қылмыстық жазаға дейін қатаңдату керек. Ал ішкі істер министрлігі бұл бастаманы қолдауға дайын ба?", - деді Нәжімеденұлы.Министр Ержан Сәденов "бірлесіп жұмыс істеуге дайын" екенін мәлімдеді."Жалпы, дұрыс айтасыз, олардың ішінде криминал да, басқасы да болуы мүмкін. Сондықтан біз талқылауға дайынбыз. Өздеріңіз білесіздер, әрқашан сіздердің ұсыныстарыңызды қарап отырамыз. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тыныштық мәселесімен де тығыз байланысты. Сол себепті, әрине, талқылауға дайынбыз", - деді министр.
https://sputnik.kz/20250714/qazaqstan-azamattygyn-alu-kezinde-qazaq-tilin-biluge-qoyylatyn-talap-zhenildetiledi-55625723.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/07/42114992_141:0:1892:1313_1920x0_80_0_0_656c611847f37ed559bed21e48831aa5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қос азаматтық, мәжіліс, заң бұзу
қос азаматтық, мәжіліс, заң бұзу
Қазақстанда қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
11:53 03.09.2025 (жаңартылды: 11:56 03.09.2025) Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қос азаматтық үшін қылмыстық жазаны енгізуге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында қос азаматтық мәселесі көтерілді. Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес. Барлығы екі елдің жеңілдіктерін пайдаланып жүреді. Ал ұсталғандарға көбінесе айыппұл ғана салынады. Бірақ олар шетелге қашып, әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кетеді.
"Ондай адамдар Қазақстан азаматы ретінде өз құқықтарын біледі, бірақ міндеттерін орындамайды. Ол - азамат емес, шамаданы дайын тұрған уақытша резидент. Сондықтан қос азаматтық үшін жауапкершілікті қылмыстық жазаға дейін қатаңдату керек. Ал ішкі істер министрлігі бұл бастаманы қолдауға дайын ба?", - деді Нәжімеденұлы.
Министр Ержан Сәденов "бірлесіп жұмыс істеуге дайын" екенін мәлімдеді.
"Жалпы, дұрыс айтасыз, олардың ішінде криминал да, басқасы да болуы мүмкін. Сондықтан біз талқылауға дайынбыз. Өздеріңіз білесіздер, әрқашан сіздердің ұсыныстарыңызды қарап отырамыз. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тыныштық мәселесімен де тығыз байланысты. Сол себепті, әрине, талқылауға дайынбыз", - деді министр.