https://sputnik.kz/20260909/fasfud-zharnamasyna-shekteu-qoyyluy-mumkin-ministrlik-zhana-talap-azirledi-66491793.html
Фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін: министрлік жаңа талап әзірледі
Фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін: министрлік жаңа талап әзірледі
Sputnik Қазақстан
Зерттеу деректеріне сәйкес 6-9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T12:53+0500
2026-09-09T12:53+0500
2026-09-09T17:57+0500
денсаулық сақтау министрлігі
фастфуд
шектеу
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49849424_0:0:769:432_1920x0_80_0_0_a1e6232969a6e8041e56d281e40b7aa9.jpg
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірленді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Басты мақсаты – балалардың тағамдық талғамына маркетингтік ықпалды азайту және ерте шақтан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға ықпал ету.Зерттеу деректеріне сәйкес 6–9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.Заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.
https://sputnik.kz/20250522/aleumettik-zhelide-alkogol-onimderin-zharnamalagan-damkhanalarga-ayyppul-salyndy-53765970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/09/49849424_0:0:577:432_1920x0_80_0_0_b109d4e43698a448dcf722d981e9647f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, фастфуд, шектеу
денсаулық сақтау министрлігі, фастфуд, шектеу
Фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін: министрлік жаңа талап әзірледі
12:53 09.09.2026 (жаңартылды: 17:57 09.09.2026) Зерттеу деректеріне сәйкес 6-9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірленді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Басты мақсаты – балалардың тағамдық талғамына маркетингтік ықпалды азайту және ерте шақтан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға ықпал ету.
"Министрлік құрамында тұз, қант және трансмайлар мөлшері жоғары тамақ өнімдерінің жарнамасын теле және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Аталған ұсыныстарды іске асыру мақсатында осы шектеулердің реттеушілік әсерін талдауды әзірлеу жұмыстары басталды", – деді Денсаулық сақтау министрлігі.
Зерттеу деректеріне сәйкес 6–9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.
Заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.