Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
13:15 09.09.2026 (жаңартылды: 13:27 09.09.2026)

© Photo : Байқоңыр қаласының әкімшілігі
Жазылу
Фестиваль аясында көрмелер мен түрлі ойындар ұйымдастырылды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті.
Дәстүр бойынша, фестиваль "Достық шеруімен" басталды. Мерекелік шеруде түрлі ұлттардың киімдерін киген жиырма бір команда орталық алаң арқылы салтанатты түрде жүріп өтті.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
"Міне, тоғызыншы жыл қатарынан біз ортақ адамзат тарихымыздың қаншалықты бай екенін бір-бірімізге және өзімізге көрсету үшін осы алаңға жиналып отырмыз. Бүгін Мексика, Үндістан және Жапонияның алғаш рет қатысып жатқанын көріп тұрмын. Бұл біз үшін шынымен де қуанышты әрі қызықты жайт. Баршамызға, әсіресе жас буынға осы халықтардың тарихы мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді", — деді Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин.
Фестивальге қатысушылар қол ұстасып, әлем халықтарының бірлігін, өзара түсіністігін және тату көршілік қарым-қатынасын бейнелейтін "Достық шеңберіне" қосылды.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
Ресми ашылу рәсімінен кейін фестивальдің байқау бағдарламасы басталды. Басты сахнада командалар "Халықтық киім поэзиясы" және "Біз әртүрліміз, бірақ біртұтаспыз!" байқаулары аясында ұлттық киімдерін көрсетіп, өздерін таныстырды.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
Олар музыка, би және сахналық бейнелер арқылы көрермендерді түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстырды.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
Көрермендер мен қазылар алқасының мүшелері грузин, корей, үнді, мексикалық, түрік, өзбек, орыс, қазақ және басқа да ұлттық асханалардың дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар өз тағамдарын таныстыру барысында оларды дайындау тәсілдері, сондай-ақ оларға қатысты салт-дәстүрлер мен тарих туралы әңгімеледі.
Тағамдардың әсем безендірілуі мен мерекелік үлгіде жабдықталған дастархандар ерекше назар аудартты.Мерекеде жұртшылық тағамдардың дәмін татып көрді.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
Фестиваль бағдарламасы "Менің халқымның қуыршағы" атты сәндік-қолданбалы өнер байқау-көрмесімен және "Менің халқымның натюрморты" атты бейнелеу өнері байқауымен толықтырылды.

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
"Халықтар достығы" фестиваліндегі арнайы аймақтардың бірі "Халықтық ойындар" сайысы мен ойын-сауық бағдарламасы өтетін орынға айналды. Онда көтеріңкі көңіл-күй мен жылы әрі жайлы атмосфера орнады.
