Байқоңырда IX қалалық "Халықтар достығы!" фестивалі өтеді

© Photo : Предоставлено пресс-службой администрации города БайконурVIII Городской фестиваль "Дружба народов!" в Байконуре
VIII Городской фестиваль Дружба народов! в Байконуре - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Фестиваль аясында көрмелер мен шеберлік сабақтары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. 7 қыркүйекте Байқоңырда күздегі ең ауқымды шаралардың бірі – IX қалалық "Халықтар достығы!" фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Мерекелік шара сағат 18:00-де Байқоңыр қаласының орталық алаңында басталады.
Мекемелер мен ұйымдар әртүрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін таныстыратын ұлттық киімдегі шеруге қатысады. Шеру барысында халықтардың биі, әні мен салт-дәстүрі көрсетіледі.
Фестиваль аясында "Достық хороводы" өткізіліп, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ көрмелер мен шеберлік сабақтары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Кеш бағдарламасында қаладағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама да бар.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Тоқаев Байқоңыр тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға назар аударды
Жаңалықтар
0