https://sputnik.kz/20260616/toqaev-bayqonyr-turgyndarynyn-aleumettik-turmystyq-zhagdayyn-zhaqsartuga-nazar-audardy-64167487.html
Тоқаев Байқоңыр тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға назар аударды
Тоқаев Байқоңыр тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға назар аударды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған "Бәйтерек" жобасын іске асыру барысы оң бағаланды 16.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-16T20:26+0500
2026-06-16T20:26+0500
2026-06-16T20:28+0500
президент
байқоңыр
халық
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64166986_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_decb41ea921b0a3292ff2c8fcd773417.jpg
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді.Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған "Бәйтерек" жобасын іске асыру барысы оң бағаланды.Сондай-ақ мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.Президент үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260615/prezident-gennadiy-golovkindi-esimi-khalyqaralyq-boks-danqy-zalyna-zhazyluymen-quttyqtady-64133216.html
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64166986_104:0:1177:805_1920x0_80_0_0_2a9f0c19c9f0dde732d56e9b70ac754e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, байқоңыр, халық
президент, байқоңыр, халық
Тоқаев Байқоңыр тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға назар аударды
20:26 16.06.2026 (жаңартылды: 20:28 16.06.2026) Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған "Бәйтерек" жобасын іске асыру барысы оң бағаланды
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың "жабық клубына" тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған "Бәйтерек" жобасын іске асыру барысы оң бағаланды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.
Президент үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.