Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын жылыжай іске қосылады

© Sputnik / Алексей НикольскийЖылыжай
Жылыжай - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Кешенде жылына 12 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өндіріледі
АСТАНА, 9 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысында 18,1 млрд теңгеге жылыжай өндірісін дамыту жобасы қолға алынуда, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын заманауи, толық өндірістік циклді жылыжай кешенін салуға арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жоба отандық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, оларды сақтау инфрақұрылымын дамытуға және ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамту деңгейін арттыруға бағытталған.

"Жобаны "Alatau Green Production" серіктестігі қолға алған. Кешеннің жалпы аумағы 16 гектарды құрайды. Оның 8 гектарына көкөніс дақылдарының жоғары өнімді будандарын өсіру жоспарланып отыр", - дейді министрлікте.

Кешенде жылына 12 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өндіріледі.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Жаңалықтар
0