Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады

© Photo : акимат Туркестанской областиҚазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
2030 жылға дейін жылыжайда шамамен 75 мың тонна өнімі жиналады деген жоспар бар
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ecoculture-Eurasia жылыжай кешенінде өсірілген қызанақтардың алғашқы партиясы экспортқа шығарылды. Алайда нысан толығымен іске қосылған жоқ. Оған қоса, жобаның құны артты. Sputnik Қазақстан әлемдегі ең үлкен жылыжайдың қайда салынғанын, ең бастысы, нысан қай кезде пайдалануға берілетінін білді.

Жоба қалай басталды

Осыдан тура жеті жыл бұрын Түркістан облысының әкімдігі, Қазақстанның даму банкі мен ресейлік "ЭКО-культура" агрохолдингі арасында келісімшартқа қол қойылған болатын. Сол кезде Келес ауданында жер телімі де бөлініп, электр желілері, газ бен су құбырына қосылуға рұқсат берілген.
© Photo : акимат Туркестанской областиҚазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Самую большую в мире теплицу запустят в Казахстане к 1 декабря 2026 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Жылыжайдың жалпы ауданы 500 гектар болады деп жоспарланған. Алайда қазіргі кезде құрылыстың бірінші кезеңі – 51 гектарды іске қосуға басымдық беріліп жатыр.
"Ал жылыжайды ары қарай кеңейту жұмысы инженерлік инфрақұрылымға тікелей байланысты. Негізгі мәселе – газ. Нысанның қосымша ауданын газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілгеннен кейін жобаны дамытудың келесі кезеңіне көшуге болады", – дейді "ЭКО-культура" мамандары.

Жобаның құны қаншаға өсті

Бас кезінде жобаның құны 42 млрд теңге болған. Алайда сметаны нақтылау кезінде осы нысанға жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 64,9 млрд теңгеге дейін өсті. Соның 50,8 млрд теңгесі Қазақстанның даму банкінен беріледі.
© Photo : акимат Туркестанской областиҚазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Самую большую в мире теплицу запустят в Казахстане к 1 декабря 2026 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Бүгінде нысанды пайдалануға беру мерзімі де өзгеріп отыр. Маусым айында тамызда іске қосылады десе, енді 2026 жылдың аясында іске қосылады дейді. Оған дейін құрылысы біткен блоктар біртіндеп пайдалануға беріледі. Мәселен, №3, 5, 6, 8, 9 және 10 блоктар дайын. Олардың жалпы ауданы 30 гектарды құрайды.
Пайдалануға беру бойынша жоспар:
№ 3, 6 және 8 блоктар - 1 қыркүйекке дейін;
№ 1 және 7 блоктар - 1 қарашаға дейін;
№ 2 және 4 - 1 желтоқсанға дейін.

Өнімнің көлемі қандай болады

Жылыжайдың 51 гектары толығымен іске қосылғаннан кейін жылына 25 мың тонна өнім – қызанақ қана өсіріледі.
Биыл наурыз бен маусымн аралығында 2 млн келі қызанақ жиналған болатын. Соның 95 проценті Ресейге импортталса, қалғаны Қазақстан нарығында сатылды.
© Photo : акимат Туркестанской областиҚазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
Самую большую в мире теплицу запустят в Казахстане к 1 декабря 2026 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Қазақстанда әлемдегі ең үлкен жылыжай толығымен қашан іске қосылады
2030 жылға дейін жылыжайда шамамен 75 мың тонна өнімі жиналады деген жоспар бар.

Қанша адам жұмысқа алынады

Қазіргі кезде кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Тамызда тағы қызанақ егілді. Осыған байланысты штат 350 қызметкерге дейін өседі. Ал жылдың аяғына дейін 850 адамды жұмысқа алу жоспарланған.
Мамандар Ресейде арнайы дайындықтан да өтеді. Мәселен, бұған дейін 120 адам тәжірибесін шыңдап қайтты.
Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2026
Алматы облысында ірі көлік-логистикалық орталық іске қосылады
Жаңалықтар
0