Қазақстанда латын графикасы қашан енгізіледі – тіл комитеті жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанда латын графикасы қашан енгізіледі – тіл комитеті жауап берді
Қазақстанда латын графикасы қашан енгізіледі – тіл комитеті жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі латын графикасын енгізу мәселесін түсіндірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тіл саясаты комитет төрағасының орынбасары Эльмира Асанның айтуынша, қазіргі кезде латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиі мен орфографика ережелерін жетілдіру жұмыстары атқарылып жатыр. Оған тіл институттары мен жоғары оқу орындарының мамандары тартылды.
"Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің кезең-кезеңмен атқарылатын жоспары латынша әліпби мен орфорграфика ережелері қабылданғаннан кейін әзірленеді. Оның нақты уақыты жоқ. Нормативтік актілер қабылданған соң, ақырындап өтеміз", - деді Асан үкіметте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі мен орфографика нормалары заңмен бекітілмейінше латын графикасын сан алуан нұсқада қолдану негізсіз.
"2022 жылы лингвист ғалымдар ұлттық құрылтайдың отырысында әліпбидің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Сол кезде жобаны жетілдіруге тапсырма берілген", - деді Асан.
Словарь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Министр латын әліпбиінің соңғы нұсқасы неге бекітілмей жатқанын айтты
Жаңалықтар
0