Министр латын әліпбиінің соңғы нұсқасы неге бекітілмей жатқанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевСловарь
Словарь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Бұған дейін латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің бірнеше нұсқасы болған
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек латын әліпбиінің соңғы нұсқасы неге бекітілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің бірнеше нұсқасы болған. Бірақ нақты нұсқасы әлі бекітілген жоқ.

"Қазіргі таңда бірнеше ғылыми топтар - біздің тілтанушылар, лингвист, филолог ғалымдар әлі бір мәмілеге келмеді, өте көп салдары шықты. Біз бәрін ғылыми, фонетикалық, орфографиялық және орфоэпиялық тұрғыда зерделеп, шешім шығарамыз. Сондықтан сәл сабыр сақтаңыздар, жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада қосымша ақпарат беретін боламыз", - деді Нұрбек жасанды интеллектті дамытуға арналған парламенттік тыңдауда.

Айта кетері, бұған дейін Асқар Жұмаділдаев та президентке қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты ойын айтқан.
Служба сурдоперевода в ЦОНах Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиі ресми түрде мойындалуы мүмкін
Жаңалықтар
0