https://sputnik.kz/20230818/asqar-zhumadildaev-prezidentke-qazaq-tilin-latyn-grafikasyna-koshiruge-qatysty-oyyn-aytty-37784077.html
Асқар Жұмаділдаев президентке қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты ойын айтты
Асқар Жұмаділдаев президентке қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты ойын айтты
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T17:58+0500
2023-08-18T17:58+0500
2023-08-18T17:58+0500
латын әліпбиі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37783876_0:38:1281:758_1920x0_80_0_0_0f299da851fe54f051ab24cc1d9e9e30.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.
https://sputnik.kz/20220616/qazaqstan-latyn-alipbi-25577015.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37783876_110:0:1170:795_1920x0_80_0_0_d043626cd04846c0450ee54189237e23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
латын әліпбиі, қасым-жомарт тоқаев
латын әліпбиі, қасым-жомарт тоқаев
Асқар Жұмаділдаев президентке қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты ойын айтты
Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.
Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.
Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.