Оқу-ағарту министрі "қыргүйекке" қатысты өз ойын айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖұлдыз Сүлейменова
Жұлдыз Сүлейменова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Оның айтуынша, 2000 жылдары жасалған зерттеулер бойынша халықтың 93 проценті "қыркүйек" сөзін қолданады
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қыркүйек айының атауын "қыргүйек" деп жазуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр әлеуметтік желідегі пікірталасты көріп, өзі де бұл мәселені зерттеген.
"Бұл сұрақ мені де қызықтырды. Сондықтан Рабиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуге тура келді. Жалпы, 80-жылдардан бастап сөздің айтылуы мен жазылуына қатысты емлеге өзгеріс енгізу мәселесі біраз талқыланған. Бірақ мен өзім "қыркүйек" деп жазамын, "к"-ны қолданамын. Бізді кезінде солай үйреткен", - деді Сүлейменова үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, 2000 жылдары жасалған зерттеулер бойынша халықтың 93 проценті "қыркүйек" сөзін қолданады.
"Менің ойымша, "қыркүйек" те, "қыргүйек" те, ешқайысын да қате деп санауға болмайды. Біздің қолданып жүрген "қыркүйегіміз" – ол қазақ тілінен сабақ берген ұстаздарымыздың үйреткені. Бірақ "Ботакөз" емес, "Ботагөз" деп айтамыз ғой. Сол секілді қазақ тілінде айтылуы мен жазылуы жағынан өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан ғалымдарымыз, тіл білімі институты "қыркүйек" емес, "қыргүйек" дұрыс деп айтса, оларды тыңдауымыз керек. Ғалымдар осы жерде нүктесін қоюы керек", - деді Сүлейменова.
Қазақстанда латын графикасы қашан енгізіледі – тіл комитеті жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Қазақстанда латын графикасы қашан енгізіледі – тіл комитеті жауап берді
Жаңалықтар
0