Мектепте психологтар сабақ береді - министр

Урок в школе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде "Жеке қауіпсіздік" курсы енгізілді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Психологтар мектепте сабақ бере алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте өткен брифингте психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жалақысына қатысты мәселе көтерілді.
"Мектептегі психолог 140 мың, ал әлеуметтік педагог 85 мың теңге алады екен. Ал инклюзия үшін қосымша ақы 18 мың теңгені ғана құрайды. Шынымен де, сондай жалақы ала ма?", - деп сұрады журналистер.
Министр Сүлейменова ондай проблеманың бар екенін растады. Ол мамандардың жалақысы үкімет қаулысымен реттелетінін айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевЖұлдыз Сүлейменова
Жулдыз Сулейменова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жұлдыз Сүлейменова
"Біз бірнеше рет бюджетке өзгеріс те енгізіп көрдік. Бірақ 20 мемлекеттік орган өз келісімін беруі керек. Соның ішінде қаржы министрлігі де бар. Әлеуметтік педагог 85 мың теңге алады деп отырсыз ғой. Қазіргі кезде олар айына 118 мың теңге алады. Біз осы мәселені бақылауда ұстап отыр. Оны шешуге барын саламыз", - деді Сүлейменова.
Ал психологтар биылдан бастап мектепте сабақ беріп, көбірек ақша таба алады. Жаңа оқу жылынан бастап "Жеке қауіпсіздік" курсы енгізілді. Оны тек психологтар оқытады. Министрдің айтуынша, олар жай психолог емес, педагог-психологтар. Сосын оларда сабақ беру тәжірибесі болуы керек.
Осылайша, психологтар жаңа курсты оқытып, қосымша сағат алғанда жалақыға да қосымша ақы алады, деді Сүлейменова.
Презентация пилотного проекта Семейный суд - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады
Жаңалықтар
0