https://sputnik.kz/20260707/psikhologtardyn-biryngay-memlekettik-tizilimi-qurylady-64731198.html
Психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады
Психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр 07.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-07T22:51+0500
2026-07-07T22:51+0500
2026-07-07T22:51+0500
психолог
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/934/88/9348809_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_b7af8fcc567074c6d0c50bf532a01ba0.jpg
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңесте айтылды.Министрліктің мәліметінше, құжат психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастырып, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Сонымен қатар азаматтардың психологиялық көмек алу кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған."Психологиялық қызмет туралы" заңға сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуге, олардың кәсіби әдеп кодексін әзірлеуге, сондай-ақ заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға жауапты болады.Бұдан бөлек, заң талаптарын тиімді іске асыру мақсатында кәсіби қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылады.
https://sputnik.kz/20231209/qyzdardyn-boyynda-qatigezdiktin-payda-boluyna-ata-ananyn-tikeley-qatysy-bar--psikholog-40732144.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/934/88/9348809_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_a373a98457ff4184e499a98e3200ae19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
психолог, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
психолог, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады
Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңесте айтылды.
Министрліктің мәліметінше, құжат психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастырып, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Сонымен қатар азаматтардың психологиялық көмек алу кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
"Психологиялық қызмет туралы" заңға сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуге, олардың кәсіби әдеп кодексін әзірлеуге, сондай-ақ заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға жауапты болады.
"Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр. Сонымен бірге психологтардың мемлекеттік тізілімін цифрлық форматта енгізу және оны қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселелері пысықталуда", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, заң талаптарын тиімді іске асыру мақсатында кәсіби қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылады.