"Кері әсерін тигізіп жатыр": министр 16 жасқа дейін желіге тіркелуге тыйым туралы айтты

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
Министрдің айтуынша, заң жобасында балалардың смартфонды пайдалану нормалары да бар
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салу неден басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкімет арнайы заң жобасын әзірледі. Ал президент Құрылтай депутаттарына осы мәселені тездетіп қарауды ұсынған болатын.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, заң жобасында балалардың смартфонды пайдалану нормалары да бар.
"Біріншіден, 16 жасқа толмаған балалардың өз аккуанттары болмайды. Бұған дейін ішкі істер министрлігі үлкен зерттеу жұмыстарын өткізді. Оған сәйкес, балалар көретін контент оларға кері әсерін тигізіп жатыр. Олардың қабылдау қабілеті жылдам, қысқа-қысқа видеоларды көп қарайды. Біз баланың зейіні де өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шектеу оған жақсы әсер етеді", - деді Сүлейменова үкіметте өткен брифингте.
Бүгінде заңнамалық өзгерістер дайын. Барлығын Құрылтайдың қарауына енгізіледі.
"Біз үкіметтің қорытындысын әзірлеп енгіздік. "Бұл нормалар қалай енгізіледі? Қандай механизммен айқындалады? Қалай қадағаланады? " деген үлкен сұрақтар бар. Оны Құрылтай депутаттарымен бірлесіп қарастыратын боламыз", - деп атап көрсетті Сүлейменова.
Мобильді телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Тоқаев Құрылтайға балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды қарастыруды ұсынбақ
Жаңалықтар
0