Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМал шаруашылығы
Мал шаруашылығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Екі тараптан инвестиция құны 1,3 млн АҚШ долларын құрайды
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды.
Атап айтқанда:
25,3 млн тонна шөп;
2,5 млн тонна сабан;
2,3 млн тонна пішендеме;
1,6 млн тонна құнарландырылған жем;
1,4 млн тонна сүрлем әзірленді.
Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 5,02 млн тонна жемшөп әзірленді. Одан кейін Жамбыл облысы – 3,25 млн тонна, Алматы облысы – 3,11 млн тонна, Батыс Қазақстан облысы – 2,58 млн тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 2,43 млн тонна көрсеткішке қол жеткізді.
Қазіргі уақытта жемшөп дайындау жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр.
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Жаңалықтар
0