Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Қазақстан тарапы болашақ бірлескен орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымды құрды
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттеу орталығының ғимараты ашылды, деп хабарлады Алматы қаласының әкімідігі.
Әкімдік хабарлауынша, ғимараттың ашылуы сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан тарапы болашақ бірлескен орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымды құрды.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
"Екіжақты ғылыми өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақстан-Қытай бірлескен жер сілкіністерін зерттеу орталығын құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанға дейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының құрылымында үш мамандандырылған зертхананы қамтитын Жер сілкіністерін зерттеу орталығы құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған зертханалардың функционалдық бағыты болашақ бірлескен орталықтың жоспарланған жұмыс моделіне сәйкес келеді. Бұл қазіргі кезеңнің өзінде бірлескен ғылыми зерттеулерді бастауға мүмкіндік береді.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Бірлескен жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми өзара іс-қимылдың жаңа кезеңіне жол ашады. Зерттеу нәтижелері сейсмикалық белсенділікті мониторингілеу мен болжаудың заманауи әдістерін дамытуға, сондай-ақ екі елдің сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға елеулі үлес қосады деп күтіліп отыр.
Зертхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен биологиялық зертхана ашты
Жаңалықтар
0