"Келінім үйретті": Қырғызстанда алтын жеңіп алған мерген садақ ату машығы жайында

© PhotoДүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева алтын жеңіп алды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған ұстазбен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.
Аяш Қабдоллаева - Шығыс Қазақстанның тумасы. Отыз жыл ұстаздық қызмет атқарған. Садақ атуға құмартпаған, бұл киелі спортты келіні үйреткен.
© PhotoДүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева
"Келін түсіргенімде жасауымен бірге садақ, қорамса, жебесімен келді. Келінім түбі Қызылорданыкі, бірақ Астанада тұрған. Садақ атумен айналысқан. Содан келінім бірінші болып садақ атуды атасына үйретті, атасы қызығушылық танытқан еді", - дейді Аяш Қаболлаева.
Аяш Советбекқызының келініне еріп садақ атуға уақыты болмаған, өйткені оқушы тәрбиелеген.
"Мен кейіннен қосылып садақ ата бастадым. Жалпы келінімнің біздің босағамызға келгеніне 7 жыл. Ал менің садақ атумен айналысқаныма 2 жыл. 2024 жылы жұппен садақ атудан облыстық жарыс болды. Күйеуім "екеуміз атайық, бірге дайындалғанға жақсы" деп, содан екеулеп садақ аттық. Сол жарыста ұттық, бірақ садақты жақын қашықтыққа аттық. Сөйтіп жеңіске жеттік", - дейді Аяш Қаболлаева.
Содан бері садақшы ұстаз талай жарысқа қатысып, жеңімпаз атанып жүрген.
"Былтыр Кореяда жамбы атудан бірінші орын алдым. Негізі барғым келмеген, келінім "Мама, барыңыз, жер көріп келесіз" деп қоймай көндірді", - дейді ұстаз.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз бауырлардың қазаққа деген ілтипаты жоғары болды, дейді Аяш Қаболлаева.
© Photo
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан
1/5
© Photo
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан
2/5
© Photo
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан
3/5
© Photo
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан
4/5
© Photo
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қазақстаннан барған Аяш Қабдоллаева - Sputnik Қазақстан
5/5
1/5
2/5
3/5
4/5
5/5

"Сондай керемет күтіп алып, қошемет көрсетті. Қазаққа бір бүйрегінің бұрып тұратыны көрініп тұрды. Жақсы ұйымдастырған, риза болып қайттық. Бұл жолы 60 метр қашықтықта садақ аттық. Жалпы 81 әйел қатыстық. Садақ атудан әр мемлекеттен үш ер адам, үш әйел адам қатыстырды", - дейді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы.

Қатысушылардың барлығы 9 оқтан 7 рет атып, іріктеуден өткен. Ұпайды көп жинаған 32 адам келесі кезеңге іріктелген. Ары қарай 32 адамнан 16 адам іріктеп алынған. Солай бірнеше жарыс болып, ең соңында төрт адам жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда басым ұпай жинағандар финалға шыққан.
"Жүлдеге 50 мың сом беріледі деді, әлі алған жоқпыз. Оны ойлап та жүрген жоқпын", - дейді садақшы.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в официальной церемонии открытия VI Всемирных игр кочевников в Бишкеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қанша медаль алды
Жаңалықтар
0