"Заполярьеден жұлдыздарға дейін" автошеруі қалай басталды
09:53 06.09.2026 (жаңартылды: 09:54 06.09.2026)

© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
Жазылу
Старт алдында автошеруге қатысушылар Гагариннің үй-музейінің жанына ағаштар отырғызды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік флоттың баспасөз қызметі хабарлағандай, автошеру 4 қыркүйекте Мурманск облысында бастау алды.
"Заполярьеден жұлдыздарға дейін" халықаралық кәсіподақ автошеруі адамзат баласының алғаш рет ғарышқа ұшуының 65 жылдығына арналған.

Старт автопробега "От Заполярья к звездам"
© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
Североморск - Самара - Байқоңыр бағыты бойынша барлығы 36 экипаж мүшесі бар он екі көлік жолға шықты. Олардың ішінде Солтүстік флот кәсіподағының өкілдері, Мурманск облысының арнайы әскери операция еріктілері және Мурманск, Архангельск және Белгород облыстарының белсенді тұрғындары бар.

Старт автопробега "От Заполярья к звездам"
© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
Старт алдында автошеруге қатысушылар алғашқы ғарышкердің үй-музейі жанына ағаштар отырғызды, Юрий Гагариннің бюстіне гүл шоқтарын қойды және суретке түсті.

Старт автопробега "От Заполярья к звездам"
© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
"Бұл автошеру ғарышты игеру тарихында маңызды үш қаланы: Североморск, Самара және Байқоңырды байланыстырады", - деді Солтүстік флот командирінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары контр-адмирал Игорь Курочкин.

Старт автопробега "От Заполярья к звездам"
© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
Келесі аялдама Самара болады, онда қатысушыларды 7 қыркүйекте аймақтық Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында қарсы алады.

Старт автопробега "От Заполярья к звездам"
© Photo : Предоставлено организаторами автопробега
Мәре сызығы 9 қыркүйекте Байқоңырда болады деп күтіліп отыр.
Ұйымдастырушылар хабарлауынша, Байқоңырда қатысушылар 300 шаршы метрлік Ресей туын көтереді.
