Байқоңырда "Союз МС-29" ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

© Пресс-служба корпорации "Роскосмос" Ракета с пилотируемым кораблем "Союз МС‑29" на Байконуре
 Ракета с пилотируемым кораблем Союз МС‑29 на Байконуре - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Жазылу
Ол 14 шілдеде ұшырылады деп жоспарланған
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. "Союз МС-29" басқарылатын ғарыш кемесімен ұшырылатын "Союз-2.1а" зымыраны құрастыру және сынақтан өткізу алаңынан алынып, Байқоңырдағы ұшыру алаңына орнатылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) екі ресейлік пен бір америкалық аттанады.
Зымыран Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңына орнатылды. Ұшырылым 14 шілде күні Астана уақытымен сағат 19:48-ге жоспарланған.
Бұл жолы "Союз-2.1а" зымыранына "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының (онда "Союз" кемелері құрастырылады) және "Искра" машина жасау конструкторлық бюросының (ғарыш кемесінің апаттық құтқару жүйесін өндіруші) 80 жылдығына арналған плакаттар ілінген. Сонымен қатар зымыранда Unity қорының қамқорлығындағы онкологиялық дертке шалдыққан балалардың суреттері мен бірнеше жарнамалық плакат бейнеленген.
Кеменің негізгі экипажы құрамына "Роскосмос" ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон кіреді. Қосалқы экипажда ресейлікКонстантин Борисов пен Дмитрий Петелин және америкалық Дениз Бернхем бар. Алдын ала жоспар бойынша, орбиталық миссия 261 тәулікке созылады.
Запуск ракеты РН Союз-2.1а с космодрома Плесецк, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
"Союз-5" зымыранының кезекті ұшуы 2027 жылдың екінші жартысына жоспарланған
Жаңалықтар
0