Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған цифрлық платформаны іске қосты

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Астық
Астық - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Жазылу
Бірлескен платформа Қытай елінің 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіретін Астық саудасының ұлттық интернет-платформасы негізінде құрылды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Платформа Қазақстан делегациясының Қытайда өткен 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуы аясында іске қосылды.

"Жаңа платформа экспорттаушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді. Қазірдің өзінде 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасалып, платформаның алғашқы нәтижесі айқын көрінді", - деп жазылған хабарламада.

Бірлескен платформа Қытай елінің 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіретін Астық саудасының ұлттық интернет-платформасы негізінде құрылды.
Жаңа цифрлық платформа екі ел компанияларына сауда-саттықты интернет арқылы жүргізуге, әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және делдалдардың қатысуынсыз мәмілелер жасауға жол ашады.
"Сауда-саттық бәсекелестік негізде де, тікелей келіссөздер арқылы да жүргізіледі. Платформада ашық аукциондар, шақыру бойынша сауда-саттық, өзара келісім негізіндегі және алдын ала белгіленген бағамен жасалатын келісімдер қарастырылған", - дейді министрлікте.
Олардың сенімділігі мен ашықтығын арттыру үшін кепілдік қамтамасыз ету, интернет арқылы есеп айырысу, тәуелсіз тексеру және дауларды шешу тетіктері қарастырылған. Бұл экспорттық келісімдерді, соның ішінде бағаны айқындау үдерісін жеделдетіп, оны барынша тұрақты әрі болжамды етуге мүмкіндік береді.
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Алматыда Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесіп зерттейтін орталық ашылды
Жаңалықтар
0