Марқакөл орман шаруашылығындағы табиғи өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

© Sputnik / Евгений Кузьмин / Медиабанкке өтуДым от пожара в лесном массиве, архивное фото
Дым от пожара в лесном массиве, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Жазылу
"Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылған
АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын жерде жүргізілуде. Жұмысқа орман күзетінің күші мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері тартылды.
"Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника, "Қазавиалесоохрана" қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ та бар.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, дейді министрліктегілер.
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2026
Астанадағы қоқыс полигонында шыққан өртті үш тәуліктен бері сөндіре алмай жатыр
Жаңалықтар
0