Астанадағы қоқыс полигонында шыққан өртті үш тәуліктен бері сөндіре алмай жатыр

© Photo : ҚР ТЖМ
Жазылу
Өртті сөндіруге 120 адам мен 150 техника жұмылдырылған
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Елордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елорданың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
© Photo : ҚР ТЖМ
"Өртті сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында негізгі күштер мен құралдар жұмылдырылған екі жауынгерлік учаске құрылды. Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және жалынның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полигонға 14,85 мың тоннаға жуық инертті материал жеткізілді.
Жұмыстардың жүргізілуі қатты түтінге, жиналған қалдықтарға байланысты қиындауда. Бұл арнайы техниканың қозғалысын шектеп, ірі габаритті техниканың маневр жасауына кедергі келтіріп жатыр.

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
© Photo : ҚР ТЖМ
Сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өрт гидрантынан су тасымалдайтын өрт сөндіру автоцистерналары мен су таситын арнайы көліктер жұмылдырылған. Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органның 120-ға жуық жеке құрамы және 150 бірлік техникасы жұмылдырылған.