Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Киевке үш тәулік бойы соққы жасамауды тапсырды

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел заседание Российского организационного комитета "Победа"
Президент Владимир Путин провел заседание Российского организационного комитета Победа - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Жазылу
Путин Ресейдің келіссөзге қайта оралуға және 2025 жылдың тамызында Аляскада көтерілген барлық мәселе мен тақырыпты талқылауға дайын екенін атап өтті
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Киевке үш тәулік бойы соққы жасамау жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песковке хабарлады.
"Бұл америкалықтардың Киевтегі кездесулерін дайындап, өткізуге байланысты", - деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, Ресей басшысы Мәскеуге келген Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен келіссөз жүргізеді. Одан кейін АҚШ президентінің өкілдері Киевке барады.
Бір күн бұрын Дональд Трамп Уиткофф пен Кушнер Мәскеуге сапары барысында Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі ұсынысты таныстыратынын мәлімдеген болатын. Алайда ол бастаманың нақты қандай екенін ашып айтпады.
Бұған дейін Владимир Путин Мәскеудің кез келген тараппен келіссөз жүргізуге ашық екенін атап өткен еді. Ол сондай-ақ Ресейдің келіссөзге қайта оралуға және 2025 жылдың тамызында Аляскада көтерілген барлық мәселе мен тақырыпты талқылауға дайын екенін атап өтті.
АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф және Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Уиткофф пен Кушнер алдағы күндері Украинаға барады – АҚШ президенті
Жаңалықтар
0