https://sputnik.kz/20260731/uitkoff-pen-kushner-aldagy-kunderi-ukrainaga-barady--aqsh-prezidenti-65351091.html
Уиткофф пен Кушнер алдағы күндері Украинаға барады – АҚШ президенті
Уиткофф пен Кушнер алдағы күндері Украинаға барады – АҚШ президенті
Sputnik Қазақстан
Трамп АҚШ-тың Киевке Patriot зениттік зымырандарын өндіруге лицензия беру мәселесі бойынша нақты шешім қабылдамағанын айтты 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T08:50+0500
2026-07-31T08:50+0500
2026-07-31T08:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65350289_0:111:3149:1882_1920x0_80_0_0_43366785e01189704553ce7abdae1326.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Financial Times газетіне АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен өзінің күйеу баласы Джаред Кушнердің алдағы күндері Украинаға алғаш рет баратынын растады.Бұған дейін дау-жанжалдарымен танымал америкалық журналист Лора Лумер Уиткофф пен Кушнердің алдағы апталарда Киевке баратынын мәлімдеген болатын.Сондай-ақ Трамп АҚШ-тың Киевке Patriot зениттік зымырандарын өндіруге лицензия беру мәселесі бойынша нақты шешім қабылдамағанын айтты. Ол Вашингтонның бұл мәселені "қарастырып жатқанын" атап өтті.Бұл мәлімдеме Ақ үйдегі кездесуден кейін небәрі екі күн өткен соң жасалды. Сол кездесудің қорытындысы бойынша Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Киевке технологияларды беруге келісім бергенін мәлімдеген еді.
https://sputnik.kz/20260730/zelenskiyge-qaqtygysty-ayaqtau-qazhettigin-ayttym--tramp-65322483.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65350289_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_c75b6753bc76045227c83148785816dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Уиткофф пен Кушнер алдағы күндері Украинаға барады – АҚШ президенті
Трамп АҚШ-тың Киевке Patriot зениттік зымырандарын өндіруге лицензия беру мәселесі бойынша нақты шешім қабылдамағанын айтты
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Financial Times газетіне АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен өзінің күйеу баласы Джаред Кушнердің алдағы күндері Украинаға алғаш рет баратынын растады.
Бұған дейін дау-жанжалдарымен танымал америкалық журналист Лора Лумер Уиткофф пен Кушнердің алдағы апталарда Киевке баратынын мәлімдеген болатын.
"Трамп Financial Times газетіне өзінің басты назарын Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуға аударып отырғанын айтты. Сонымен қатар, оның екі арнайы өкілі – Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф алдағы күндері алғаш рет Украинаға баратынын мәлімдеді", – деп жазды басылым.
Сондай-ақ Трамп АҚШ-тың Киевке Patriot зениттік зымырандарын өндіруге лицензия беру мәселесі бойынша нақты шешім қабылдамағанын айтты. Ол Вашингтонның бұл мәселені "қарастырып жатқанын" атап өтті.
"Бұл (Patriot жүйесі – Sputnik) өте ерекше қару, сондықтан... лицензияны кімге беретінімізге біршама сақтықпен қарауымыз керек. Жалпы, біз мұндай техникаға лицензияны оңды-солды бере бермейміз", – деп газет Трамптың сөзінен үзінді келтірді.
Бұл мәлімдеме Ақ үйдегі кездесуден кейін небәрі екі күн өткен соң жасалды. Сол кездесудің қорытындысы бойынша Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Киевке технологияларды беруге келісім бергенін мәлімдеген еді.