Курчатовта қуаты 700 МВт электр станциясы салынады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Жазылу
Электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына 5 млрд кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіре алады
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Үкімет Курчатовта қуаты 700 МВт электр станциясын салу жөніндегі 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Үкімет Энергетика министрлігі мен "ГРЭС Курчатов" ЖШС арасындағы Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Жоба Курчатов қаласын одан әрі дамытудың энергетикалық негізіне айналады. Мұнда ірі ғылыми инфрақұрылым нысандары – Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, зерттеу реакторлары, зертханалар және қазақстандық термоядролық КТМ токамак шоғырланған.
"Жаңа станцияның құны – 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергия блогын кезең-кезеңімен 2032 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына 5 млрд кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіре алады. Жоба аясында шамамен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Нысан "таза көмір" технологияларын қолдана отырып, жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге арналған заманауи бу энергетикалық жабдықпен жарақтандырылады.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту мақсатында жоба Экологиялық кодексі мен ең үздік қолжетімді техникалар талаптарына сәйкес газ тазарту, шығарындыларды сүзу және шаңды басу жүйелерін қамтиды.
Қызылорда ЖЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Қызылордадағы жаңа ЖЭС 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндірді
Жаңалықтар
0