Қызылордадағы жаңа ЖЭС 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндірді

Қызылорда ЖЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Бұл көлем 130 мың пәтерді бір жыл бойы электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Ведомство мәліметінше, Қызылордада іске қосылған қуаты 240 МВт жаңа бу-газ қондырғысы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосқан үлесін ұлғайтып жатыр.
"Станция іске қосылғаннан бері шамамен 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Бұл көлем 130 мың пәтерді бір жыл бойы электр энергиясымен қамтамасыз етуге немесе халқы 400 мыңнан астам адамды құрайтын қаланың бір жылдық электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік хабарлауынша, биыл Қазақстанда жалпы қуаты 2,6 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу жоспарланып отыр.
"Атап айтқанда, 4 газ электр станциясы пайдалануға беріледі, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысаны іске қосылады", - дейді министрлікте.
Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдегі электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуға мүмкіндік береді.
Министр энергетики раскритиковал темпы модернизации ТЭЦ-3 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Жаңалықтар
0