https://sputnik.kz/20260116/energetika-ministri-almatydagy-zheo-3-zhangyrtu-qarqynyn-synga-aldy-60459804.html
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Sputnik Қазақстан
ЖЭО-3 құрылысы бекітілген кестеден кеш жүргізіліп жатыр 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T20:26+0500
2026-01-16T20:26+0500
2026-01-16T20:26+0500
алматы
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60458339_0:57:1179:720_1920x0_80_0_0_24f290c7c925ec60d31bae3ba77f2a73.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматы энергетикалық тораптарын газға көшіру жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді.Ведомство басшысы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарын аралап шықты. Нысандарды аралау барысында Ерлан Ақкенженов мегаполис үшін жылу электр стансаларын газға көшірудің әлеуметтік маңызын атап өтті.ЖЭО-2 нысанын аралау барысында мердігер ұйымның өкілдері 2 және 3 нөмірлі ыстық су қазандықтарының гидравликалық сынақтардан сәтті өткенін хабарлап, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.Алайда ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды ведомство басшысы қатаң сынға алды. Министр жобаның бекітілген кестеден кеш жүргізіліп жатқандығын алға тартып, бас мердігер ұйымның жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмағанын атап өтті.Құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдеріне Ерлан Ақкенженов ресурстарды шұғыл жұмылдыруды талап етіп, мердігерлердің жеке жауапкершілігін нақтылады.Аталған жобаның жүзеге асырылуы Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауына алынып, жауапты тұлғаларға апталық есеп беру міндеттелді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60458339_72:0:1108:777_1920x0_80_0_0_6292cbf37dd91e094d1abaab997df431.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жылу электр орталығы
алматы, жылу электр орталығы
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
ЖЭО-3 құрылысы бекітілген кестеден кеш жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматы энергетикалық тораптарын газға көшіру жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді.
Ведомство басшысы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарын аралап шықты. Нысандарды аралау барысында Ерлан Ақкенженов мегаполис үшін жылу электр стансаларын газға көшірудің әлеуметтік маңызын атап өтті.
"Алматы қаласында экологиялық жағдай күрделі. Жылу электр стансаларын газға көшіру — мемлекет басшысының тапсырмасы және халық алдындағы міндетіміз. Бұл мәселеде қателесуге жол жоқ", — деді министр мердігерлерге қарата айтқан сөзінде.
ЖЭО-2 нысанын аралау барысында мердігер ұйымның өкілдері 2 және 3 нөмірлі ыстық су қазандықтарының гидравликалық сынақтардан сәтті өткенін хабарлап, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Алайда ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды ведомство басшысы қатаң сынға алды. Министр жобаның бекітілген кестеден кеш жүргізіліп жатқандығын алға тартып, бас мердігер ұйымның жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмағанын атап өтті.
Құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдеріне Ерлан Ақкенженов ресурстарды шұғыл жұмылдыруды талап етіп, мердігерлердің жеке жауапкершілігін нақтылады.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауына алынып, жауапты тұлғаларға апталық есеп беру міндеттелді.