https://sputnik.kz/20260905/askeri-tekhnika-zholga-shygady-qorganys-ministrligi-qazaqstandyqtarga-eskertu-zhasady-66409210.html
Әскери техника жолға шығады: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Әскери техника жолға шығады: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Оқу-жаттығу 12-19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында өтеді 05.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-05T16:48+0500
2026-09-05T16:48+0500
2026-09-05T16:48+0500
әскери техника
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/07/05/55392251_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_cfccecbe6f9679e3726d661bf251aec8.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ оқу-жаттығуы аясында әскери техника Қазақстанның үш облысының аумағында жүріп өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.12–19 қыркүйк аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.Оқу-жаттығуға дайындық аясында 7–30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен жеке құрам жоспарлы түрде орын ауыстырады."Шеп" оқу-жаттығуы тұрақты негізде ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.Қорғаныс министрлігі азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі пайдаланушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуға шақырды.Ведомство жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
https://sputnik.kz/20260826/qorganys-ministrligi-algashqy-askeri-dayyndyq-panine-qatysty-ozgeristi-tusindirdi-66096275.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/05/55392251_80:0:1200:840_1920x0_80_0_0_4b22d11a4b72f3bc8bb6b06b871a68df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери техника, қорғаныс министрлігі
әскери техника, қорғаныс министрлігі
Әскери техника жолға шығады: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Оқу-жаттығу 12-19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында өтеді
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ оқу-жаттығуы аясында әскери техника Қазақстанның үш облысының аумағында жүріп өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
12–19 қыркүйк аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.
Оқу-жаттығуға дайындық аясында 7–30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен жеке құрам жоспарлы түрде орын ауыстырады.
"Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі", - деп хабарлады ведомство.
"Шеп" оқу-жаттығуы тұрақты негізде ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі пайдаланушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуға шақырды.
Ведомство жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.