https://sputnik.kz/20260826/qorganys-ministrligi-algashqy-askeri-dayyndyq-panine-qatysty-ozgeristi-tusindirdi-66096275.html
Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді
Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Енді оқытушылар біліктілігін әскери оқу орындарында арттырады 26.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-26T15:07+0500
2026-08-26T15:07+0500
2026-08-26T15:07+0500
әскери борыш
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/04/59334016_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_b424d3df5d0817b9ce09743ebbb2b590.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі мектептерде бастапқы әскери дайындық пәні жаңа бағдарлама бойынша оқытылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Педагогтердің әскери тәжірибесі болуға тиісӘскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, майор Людмила Перякинаның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап пән қайтадан "Бастапқы әскери дайындық" деп аталады. Сонымен қатар оны оқыту форматы түбегейлі өзгереді."Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады. Бұл олардың практикалық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заңнамада педагогтердің әскери өтілі болуы да қарастырылған", – деді Перякина.Балаларды қалай оқытады?Жаңа бағдарламада оқу үдерісін цифрландыруға басымдық беріледі. Осыған байланысты педагогтер оқу құралдары мен ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды үйреніп жатыр.Бастапқы әскери дайындық педагогтерінің біліктілігін арттырудың басқа да бағыттары бар:Айта кетері, бұған дейін Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-патриоттық орталығында бастапқы әскери дайындық оқулығының жаңартылған жобасы таныстырылған болатын.
https://sputnik.kz/20260724/algashqy-askeri-dayyndyq-oqulygynyn-zhanartylgan-zhobasy-tanystyryldy-65175106.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/04/59334016_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_c12a7b949bc97b009d8c4f78f0170fdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери борыш, мектеп
Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді
Енді оқытушылар біліктілігін әскери оқу орындарында арттырады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі мектептерде бастапқы әскери дайындық пәні жаңа бағдарлама бойынша оқытылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Педагогтердің әскери тәжірибесі болуға тиіс
Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, майор Людмила Перякинаның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап пән қайтадан "Бастапқы әскери дайындық" деп аталады. Сонымен қатар оны оқыту форматы түбегейлі өзгереді.
"Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады. Бұл олардың практикалық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заңнамада педагогтердің әскери өтілі болуы да қарастырылған", – деді Перякина.
Жаңа бағдарламада оқу үдерісін цифрландыруға басымдық беріледі. Осыған байланысты педагогтер оқу құралдары мен ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды үйреніп жатыр.
Бастапқы әскери дайындық педагогтерінің біліктілігін арттырудың басқа да бағыттары бар:
бастапқы әскери дайындық сабақтарында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар технологияларын оқыту;
қосымша білім беру жүйесінде жастардың әскери қызметке дейінгі даярлығын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері;
әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстарды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-патриоттық орталығында бастапқы әскери дайындық оқулығының жаңартылған жобасы
таныстырылған болатын.