"Отыз үш градусқа дейін ыстық болады": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЛебеди в пруду в столичном парке
Лебеди в пруду в столичном парке - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі
АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында қалады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде салқын болады.
Күндізгі ауа температурасы:
батыс, солтүстік және орталықта: +25...+33°С;
шығыста: +20...+25°С;
оңтүстікте: +28...+37°С;
оңтүстік-шығыста: +20...+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10...+20°С.

Ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Астана
5 қыркүйекте күн ашық. Түнде +8...+10°С, күндіз +27...+29°С.
6 қыркүйекте күн ашық. Түнде +10...+12°С, күндіз +28...+30°С.
7 қыркүйекте ауа райы осыған ұқсас болады.
Алматы
5 қыркүйекте күн ашық. Түнде +11...+13°С, күндіз +22...+24°С.
6 қыркүйекте күн ашық. Түнде +10...+12°С, күндіз +24...+26°С.
7 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Түнде +12...+14°С, күндіз +26...+28°С.
Шымкент
5 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.
6 қыркүйекте түнде +16...+18°С, күндіз +31...+33°С.
7 қыркүйекте күн ашық. Түнде +18...+20°С, күндіз ауа температурасы +33...+35°С-қа дейін көтеріледі.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жаңбыр қарға ұласып, үсік жүреді: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0