https://sputnik.kz/20260901/qyrkuyekte-aua-rayy-qanday-bolady---qazgidromet-bolzhamy-66282487.html
Жаңбыр қарға ұласып, үсік жүреді: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр қарға ұласып, үсік жүреді: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Sputnik Қазақстан
Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон ауытқып, үсік жүруі мүмкін 01.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-01T15:03+0500
2026-09-01T15:03+0500
2026-09-01T15:04+0500
ауа райы болжамы
күз
жаңбыр
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459988_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_b31d395862425c485ef0d7f8d417a5fb.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде күн райы ашық, тіпті ыстық болады. Ал екінші және үшінші онкүндігі қандай болады.Қыркүйекте Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы тамыз айымен салыстырғанда біртіндеп 5-7°С-қа төмендейді. Айдың басында елдің батысы мен оңтүстігінде күн райы ыстық болады.Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күзге тән салқын ауа райы орнап, жауын-шашын түседі. Жаңбыр қарға ұласып, жел күшейеді. Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, температуралық фон айтарлықтай жоғарылайды:Бірінші онкүндіктің екінші жартысында батыс және солтүстік-батыс өңірлерге, одан кейін республиканың қалған аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, аптап ыстықтың беті қайтады.Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон ауытқып, үсік жүруі мүмкін.Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0,+5°С, күндіз +27+35°С шамасында болады. 3°С үсік жүреді.Солтүстік-орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0,+5°С, ал күндіз +20+30°С-тан +8+17°С-қа дейін төмендейді, үсік жүреді.Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +2+10°С-тан таулы аудандарда 1–6°С дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +25+33°С-тан +15+22°С-қа дейін төмендейді.Қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық норма шамасында болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болады деп болжанады.Жауын-шашын мөлшері қалыпты болады. Әдеттегіден көбірек жауын-шашын еліміздің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде болжанады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашын аз болады.
https://sputnik.kz/20260831/tuman-basyp-usik-zhuredi-aldagy-kunderde-aua-rayy-qanday-bolady-66245505.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459988_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_0fc5bd9dd57a371476ce1b285f2ebae0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы, күз, жаңбыр
ауа райы болжамы, күз, жаңбыр
Жаңбыр қарға ұласып, үсік жүреді: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
15:03 01.09.2026 (жаңартылды: 15:04 01.09.2026) Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон ауытқып, үсік жүруі мүмкін
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде күн райы ашық, тіпті ыстық болады. Ал екінші және үшінші онкүндігі қандай болады.
Қыркүйекте Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы тамыз айымен салыстырғанда біртіндеп 5-7°С-қа төмендейді. Айдың басында елдің батысы мен оңтүстігінде күн райы ыстық болады.
Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күзге тән салқын ауа райы орнап, жауын-шашын түседі. Жаңбыр қарға ұласып, жел күшейеді. Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, температуралық фон айтарлықтай жоғарылайды:
республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында болжам бойынша ауа температурасы күндіз +25+35°С-қа дейін жоғарылайды;
республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында (Қостанай облысында), орталығында және шығысында түнде температура 0,+8°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +22+30°С-қа дейін;
елдің оңтүстігінде температура түнде +13+20°С, күндіз +25+35°С болады. Оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С аралығында, күндіз +20+28°С-тан +25+33°С-қа дейін жоғарылайды.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында батыс және солтүстік-батыс өңірлерге, одан кейін республиканың қалған аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, аптап ыстықтың беті қайтады.
Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон ауытқып, үсік жүруі мүмкін.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0,+5°С, күндіз +27+35°С шамасында болады. 3°С үсік жүреді.
Солтүстік-орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0,+5°С, ал күндіз +20+30°С-тан +8+17°С-қа дейін төмендейді, үсік жүреді.
Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +2+10°С-тан таулы аудандарда 1–6°С дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +25+33°С-тан +15+22°С-қа дейін төмендейді.
Қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық норма шамасында болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болады деп болжанады.
Жауын-шашын мөлшері қалыпты болады. Әдеттегіден көбірек жауын-шашын еліміздің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде болжанады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашын аз болады.